Басты

Әлемде коронавирус жұқтырған адам саны сегіз миллионнан асты

 

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 8 миллионнан асқан, деп хабарлайды jana-kezen.kz

Деректерге сүйенсек, 435 мың 600 науқас  аталмыш дерттен көз жұмып, 3 млн 800 мыңы айығып шықты.

Коронавируспен ауырғандар саны  ең көп тіркелген АҚШ-та 2 млн-нан астам адам ем қабылдап жатыр. Ал Бразилияда көрсеткіш 888 мыңнан асқан.  Көрші Ресей мемлекетінде дертке шалдыққандар  қатары 537 мыңнан асты. Қауіпті вирустан көз жұмғандардың ішінде АҚШ, Бразилия, Ұлыбритания елдері көш бастап тұр.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button