PoliticsБасты

Украинадағы қазақстандықтар отырған алғашқы рейс Польшадан ұшып шықты

Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы қазақстандықтарды әкелу үшін бүгін, Алматы уақытымен сағат 09:53-те Атыраудан Польшаның Катовице қаласына ұшты, деп хабарлайды СІМ.

Рейс Катовицеден сағат 10:30-да ұшып, Атырауға 19:20-да жетеді. Жанармай құйғаннан кейін Алматыға 00:30-да келеді деп күтілуде.

ҚР СІМ мәліметінше, осы ұшақпен 175 қазақстандық оралады. Екінші репатриациялық рейс 1 наурызға жоспарланған. Катовицеден 02:15-те шығып, Атырауға 11:35-те келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button