Басты

Алматы ауасындағы көліктен шығатын бензапиренге қатысты талдау нәтижесі жарияланды

Қазгидромет Алматы қаласындағы ауадағы бенз(а)пирен құрамына қатысты бірінші аптадағы талдауының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 маусымнан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК Алматы қаласында атмосфералық ауадағы бенз(а)пиреннің құрамына мониторинг жүргізеді.

Сынама бес жерде, Амангелді мен Қ.Сәтбаев көшелерінің қиылысында, Райымбек даңғылы Наурызбай батыр көшесінің қиылысында, «Айнабұлақ-3» шағын ауданы, «Ақсай-3» шағын ауданында, Б. Момышұлы мен Маречек көшелерінің қиылысында, «Тастақ-1» шағын ауданы Төле би көшесі 249-үйдің жанына алынған.

«Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның сынамаларын іріктеу және талдау нәтижелері бойынша бенз(а)пирен концентрациясы 0,0002-0,0004 мкг/м3 шегінде, бұл белгіленген нормадан төмен (ШРШ = 0,001 мкг/м3)», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, бенз(а)пирен – күшті канцерогендік белсенділікке ие, өте улы. Ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша қауіптіліктің І (жоғары) сыныбына жатады. Көмірсутекті сұйық, қатты және газ тәрізді отынның жануы кезінде пайда болады (газ тәрізді жану кезінде аз дәрежеде), ірі қалаларда көбінесе автомобиль көлігі көп бөледі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button