Басты
Президент Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.
«5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ», – деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.