![](https://jana-kezen.kz/wp-content/uploads/2021/08/6103b43802e8bd1d3263688e-780x465.png)
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл қымбаттады.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 12 тамыз кешімен салыстырғанда 0,73 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 425,01 теңге болды.
Ұлттық банктің 13 тамыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 424,24 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,15 теңгеден сатылса, сатып алу – 426, 66 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 424,80 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 425,98 теңге.