ӘлемБасты

Еуропа лигасының финалдық матчы өтеді

26 мамырдан 27 мамырға қараған түні Еуропа лигасының ақтық кездесуі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Финалда англиялық «Манчестер Юнайтед» пен испаниялық «Вильярреал» кездеседі.

Ойын Польшаның Гданьск қаласындағы «Энерга Гданьск» стадионында өтеді.

Финалда жеңіске жеткен команда келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне қатысады. Бірақ «Манчестер Юнайтед» Англия чемпионатында екінші орын алып, Еуропаның басты клубтық турниріне жолдамаға иелік етті.

Егер ағылшын клубы Еуропа лигасында жеңіске жетсе, Франция чемпионатында үшінші орын алған «Монако» УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтеді.

«Вильярреал» Испания чемпионатын жетінші орынмен аяқтап, Конференция лигасына жолдама алды. Егер бүгін Еуропа лигасында топ жарса, Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік алады.

Еуропа лигасы финалының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button