EconomyБасты

Қазақстанда былтыр 111 млн тонна көмір өндірілді

Еліміздің көмір өндіруші кәсіпорындары көмір концентратын есептемегенде өткен жылы 111,7 млн тонна көмір өндірді. 2020 жылмен салыстырғанда өсім 2 % құрады. 

Энергия өндіруші кәсіпорындарға 59,3 млн тонна (2020 жылмен салыстырғанда +0,8%), өнеркәсіп кәсіпорындарына 6,8 млн тонна (+21,4%) жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,7 млн тонна тиелді. Бұл арғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,9% көп.

ҚР ИИДМ жылу беру маусымы алдында жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде 2021-2022 жылдарға арнап коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмірге қажеттілік жоспарын құрды.

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша өңірлерге жоспарланған 9,3 млн тонна көмірдің 9,28 млн тоннасы жеткізілді. Оның ішінде:

– коммуналдық-тұрмыстық секторға – жоспардағы 3 млн тоннаның 2,96 млн тонна (жоспарға 99%);

– халық үшін – 6,33 млн тонна көмірдің 6,32 млны (99,7%).

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша сату орындарында көмір жеткілікті. 

Естеріңізге сала кетейік, көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қаражыра» АҚ, «Шұбаркөл көмір» және «Богатырь көмір» ЖШС мүдделерін білдіретін Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығымен меморандум жасады. Өңірлердің әкімдіктері де әлеуметтік көмірді көтерме жеткізушілермен осындай меморандумдарға қол қойды. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button