7 ақпаннан бастап «Lufthansa» неміс әуекомпаниясы А330 әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен Франкфурттан Нұр-Сұлтан мен Алматыға бағыты бойынша Қазақстанға рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Франкфурт – Алматы бағыты бойынша рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Алматы – Нұр-Сұлтан – Франкфурт бағыты бойынша рейстер сейсенбі және жұма күндері орындалатын болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.