16-19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында елорда әкімдігі ұйымдастырған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өз есігін айқара ашады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Келушілер таңғы 8-ден кешкі беске дейін қажетті өнімдерді ала алады. Өз өнімдерін Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері, сондай-ақ астаналық аграршылар ұсынады.
Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері сатылады: сүт, бакалея, шұжық, ұн, балық және т. б.
Келушілер сиыр етін шамамен 2000 тг/кг, жылқы етін – 2200 тг/кг, қазы, жая – 2500 тг/кг сатып ала алады.
Айта кету керек, жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Келушілер мен қатысушылар бетперде киюі керек, қол гигиенасы мен әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.
Бұдан әрі жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері мына мекен-жайда өтеді: Пригородный тұрғын алабы, Арнасай көшесі, 109 ғимарат.