Басты

Алматы облысында оқушыларға 75 мыңнан аса компьютер сатып алынбақ

Алматы облысында жағдайы төмен отбасылардың балалары мектеп тарапынан уақытша компьютермен қамтылады. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 12 млдр теңгеден аса қаражат бөлінді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Облыста оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үлесі 61 пайызды құрайды. Аталған мәселені шешу үшін аз қамтылған және жағдай төмен отбасылардың балаларын компьютермен қамтасу ету үшін қосымша 75,6 мың компьютер сатып алынып, уақытша пайдалануға беріледі. Тек компьютерге бөленген қаражат 12,5 млрд теңге. Арнайы комиссия құрылды. Сатып алу жұмыстары кешеден басталып кетті», – деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Өңір басшысының сөзінше, биыл облыстық білім беру саласының бюджеті 314,2 млрд теңгені құрап отыр. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 108 млрд теңгеге артық. Жалпы облыста әлеуметтік салаға бөлінген бюджет қаражатының 65% білім саласына бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button