Басты

Елімізде өңдеу өнеркәсібі өркендеп келеді

Жыл басынан бері 4,9 процент өсім көрсетті, деп хабарлайды 24.kz.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде де ілгерілеу бар. Ондағы көрсеткіш 5,2 процентке артқан. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында айтылды. Небәрі бір айда елімізге тартылған инвестиция көлемі 32 процентке көбейген. Сауда саласына да жан біткен. Ондағы өсім  28,3 процент. Көлік секторы да кенжелеп жатқан жоқ. Сәуір айымен салыстырғанда бұл саладағы көрсеткіш 20,7 процентке артқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button