Елордада «айналым тетігі» жобасына қатысушылар саны артады. Бұл жоба сауда желілеріне азық-түлік сатып алуға қаражат бөлу есебінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
«Айналым тетігі» жобасына «Magnum», «Анвар», «Астықжан», «Кеңмарт», «Вкусмарт», «Аян», «Ақмол»СҮ, «Шапағат», «Small», «Сарыарқа» базарлары және бірқатар дүкендер қатысады. Нұр-Сұлтан әкімдігінде сауда желілері, базар өкілдерімен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен және т.б. кеңес өтті.
Бұдан басқа, бакалея, көкөніс, ет және сүт өнімдеріне бірқатар өндірушілермен және жеткізушілермен шарттар жасалды, оның ішінде шамамен 14 мың тонна көкөніс келісімшарттары жасалды. Сондай-ақ, жеңілдікті несиелеу аясында әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін 10 мың тонна ұнға (бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан), осы жылдың соңына дейін бес мың тонна ұнға шарттар жасалды.
Сондай-ақ, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу нарықтық бағадан төмен бағаны ұстап тұруға және өнімді сатуға мүмкіндік береді. Республика өңірлерінің қатысуымен өтетін жәрмеңкелер 21 тамыздан басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады. Осыған дейінгі жәрмеңкелерде нарықтық бағадан арзан мың тоннаға жуық өнім сатылды.
Бұдан басқа, инвестициялар есебінен елордада қуаттылығы жылына 10 мың тонна өнімді құрайтын 3 көтерме-тарату орталығы мен екі жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 5 мың тонна нан-тоқаш комбинатын салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда. Өңірлік инвестициялық кеңес аясында, сондай-ақ өндірістік-тамақ кешенінің (сүт өңдеу зауыты, нан-тоқаш комбинаты, көкөніс қоймасы) құрылысына қолдау көрсетілді.