PoliticsБасты

Президент Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновты марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал актер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновты «Отан» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Д.Қ. Жолжақсыновты «Отан» орденімен наградтау туралы

Қаулы етемiн:

1. Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін  дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 7 қазан

№ 669″, – делінген қаулы мәтінінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button