SocialБасты

Көктайғақ, боран: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 2-4 аралығындағы күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады да ол жаңбыр мен жаңбыр аралас қар жаууына ықпал етеді.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады Сондай-ақ республика бойынша тұман, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста – көктайғақ, солтүстік өңірлерде – боран болжанады.

Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында түнде 1-8 жылы болады, солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-17, оңтүстікте 20 жылы болады.

Солтүстік-батыста температураның негізгі бағыты: түнде 5 аяз – 3 жылы, күндіз 5-15 жылудан 0-8 жылуға дейін аздап төмендейді, өңірдің оңтүстігінде 12 жылу, солтүстікте және орталықта температураның негізгі фоны: түнде 5 аяз-3 жылы, күндіз 2-11 жылудан 0-8 жылуға дейін аздап төмендейді. Шығыста түнде 3 аяз-5 жылу, күндіз 3-11-ден 7-15-ке дейін жылу көтеріледі. Оңтүстікте ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 12-20 градус жылу аралығында болады. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 4-12-ден 7-15 градус аралығында көтеріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button