EcoБасты

Тоқаев: Жайық өзенінің тартылуы Ресейдің де шекаралас аймақтарындағы тұрғындар үшін аса қауіпті

Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзенінің өте қатты тартылуы және ондағы экологиялық жағдайдың нашарлауы Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ Ресейдің де шекаралас аймақтарындағы тұрғындар үшін аса қауіпті екенін айтты. Бұл туралы ол Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

– Владимир Владимирович, 2019 жылы Омбы қаласындағы кездесуіміздің қорытындысы бойынша Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды. Сол үшін Сізге алғысымды білдіремін. Үкіметтерімізге аталған бағдарламаның сапалы іске асырылуы жайында, сондай-ақ бір жылда атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама әзірлеуді тапсыруды ұсынамын. Шағын өзендердегі бөгеттердің құрылысы мен оларды пайдалану тиімділігіне қатысты мәселеге, сондай-ақ жаңа тоғандар құрылысын ұйымдастыруға ерекше мән берген жөн, – деді Қазақстан Президенті.

Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау мақсатында теңіздің солтүстігінде мемлекеттік резерваттар құру мүмкіндігін, сондай-ақ киіктердің маусымдық қоныс аударуы кезінде екі елдің шекарасынан еркін өту жолын қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button