SocialБасты

2026 жылға дейін Қазақстанда 60 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр – Қ.Өскенбаев

Құрылыс және тұрғын үй салаларын дамыту перспективалары ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысында қаралды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.

Жиында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет басшысын қазіргі қалыптасқан жағдай мен алдағы перспективалар туралы хабардар етті.

Министрдің мәліметінше, 2022-2025 жылдары Қазақстанда 62 млн шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта 5,2 мың мемлекеттік нысан құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 2137-сі бюджет қаражатына салынуда. ҚР ИИДМ басшысы бүгінгі таңда 286 нысан құрылысы тоқтатылғанын атап өтті. 84 нысанда оған бағаның қымбаттауы, 202 нысанда өзге де себептер негіз болған.

«Әр нысан бойынша жағдай талданып, жұмысты қайта бастау мүмкіндігі қарастырылып жатыр», – деді Қ.Өскенбаев.

Кеңес қорытындысында ҚР Премьер-Министрі объектілерді салуға мемлекеттік байқауды жосықсыз ұйымдастырғандарды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, мемлекеттік құрылысқа жұмсалатын шығынды азайту мақсатында ҚР ИИДМ-ге мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау бойынша жұмыстар құнын белгілеуге талдау жүргізу қажеттігін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button