Sputnik Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі орташа жалақының рейтингісін жасады, деп хабарлайды Elorda.info.
Қырғызстанның ұлтық статистикалық комитетінің дерегінше, бұл елде жыл сайын орташа айлық жалақы мөлшері өсе түсуде. Былтыр қырғызстандықтар орташа есеппен айына 18 940 сом (95 мың теңге) алған. Қазақстанда орташа айлық жалақы осы жылдың тамыз айында 256 455 теңгені құрады.
Ресейдегі орташа статистикалық жұмысшы 42 550 рубль (250 мың теңгедей), Өзбекстанда – 2 971,1 мың сум (шамамен 118 мың теңге), Тәжікстанда – 1 500 сомони (56 мың теңге), Беларусь Республикасында – 1 471,7 беларусь рублі (250 мың теңге), Арменияда – 198,1 мың драм (шамамен 173 400 теңге) алады.
Осылайша рейтингіде жоғарыда аталған 7 мемлекеттің ішінде Қазақстан алғашқы орында тұр.