Басты

Жалақысын талап еткен футболшыларды жаттықтырушылары ұрып-соғып, арқанмен қылғындырған

Өзбекстандық «Сурхан» футбол клубының бұрынғы ойыншылары жалақыны төлеуді талап еткені үшін таяқ жегенін айтты, – деп хабарлайды Рrosports.kz.

Басшылық футболшылар Жавохир Есонқұлов пен Акром Ходжаевқа қарызды жарты жыл ішінде өтеуге уәде беріп, оларды кеңсеге шақырған. Бірақ ол жерде футболшыларды команданың жаттықтырушылары күтіп тұрған.

Олар ойыншыларды таяқпен және орындықтармен ұрып-соғып, сонымен қатар арқанмен қылғындырған.

Содан кейін, олар «айғақтардан құтылу үшін» футболшыларға таза футболкалар кигізіп, босатып жіберген.

«Сурханның» басшылығы, әрине, бұл нұсқаны жоққа шығарады, ойыншылар қақтығысты бірінші болып бастады және бұл тек қорғаныс шарасы болды деп мәлімдеді.

Айта кетейік, «Сурхан» жоғарғы лигада ойнайды және аутсайдер команда, ол соңғы – 13 -ші орында және 18 матчта 14 ұпай жинаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button