AgroБасты

АШМ-не қарасты «Фитосанитария» бөлімінің басшылығы пара алу күдігіне ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК басшылығына қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған тұлға «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компаниялардың өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталуда.

Барлық ұсталған адамдар тергеумен ынтымақтастыққа келді және мойындау айғақтарын беруде.

Күдіктінің кінәлілігі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», делінген ақпаратта.

Басқа жаңалықтар

Back to top button