SocialБасты

Елордада Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл тазалығы» тренингі өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 6-28 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған ХХІІІ қалалық Тіл фестивалі өтуде, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Фестиваль аясында баспасөз хатшылары, әкімдікке қарасты мекемелердің қоғаммен байланыс бөлімдерінің мамандары мен болашақ журналистерге арналған «Тіл тазалығы» атты тренинг өтті.

Іс-шарада «СММ негіздері мен ерекшеліктері», «Интернет ақпараттық соғыс алаңы ретінде» және «Таза баспасөз тілі» тақырыптары талқыланды.

 

«Тіл тазалығы» семинар-тренинг аясында өткізіліп жатқан іс-шаралардың маңызы зор деп білемін. Себебі ана тілді дамытумен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік саладан бөлек квазимемлекеттік сала, болашақ мамандардың қазіргі заман ағымына сәйкес халықпен байланыс жасаудың ең ұтымды құралы барлығы интернетке ауған кезеңде әлеуметтік желідегі іскерлік әдістерді білумен шеберлігін шыңдаудың рөлі басым. Сондықтан да бұндай шаралардың өзектілігі жоғары. Өйткені қарқынды заманда білім мен әдістер жаңарып, жаңа технологиялар пайда болады. Сондықтан да жылына бірнеше рет болсын осындай шеберлікті шыңдайтын тренингтерді өткізіп тұрған абзал», — деді СММ маманы Мерей Ермұқан.

Іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және қадір-қасиетін арттыру арқылы қоғаммен байланыс жасайтын мамандық иелеріне кәсіби бағыт-бағдар беру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button