SocialБасты

Түрік компаниясы Алматы халықаралық әуежайын сатып алды

Түркияның TAV компаниясы Алматының халықаралық әуежайын сатып алу процедурасын аяқтады, деп хабарлайды Алматы халықаралық әуежайының ресми сайты.

«TAV Airports (Groupe ADP құрамына кіреді) компаниясы сатып алуды аяқтап, елдің экономикалық астанасында орналасқан Қазақстанның ең көп жұмыс істейтін әуежайы – Алматы қаласы әуежайының операциялық қызметін басқаруды өз мойнына алды. Мәміле бойынша есеп айырысу аяқталғаннан кейін, TAV әуежай мен отын жеткізу және тамақтану қызметтерін ұсынатын байланысты кәсіпорындардың 85% акцияларының бенефициар иесі. Акциялардың қалған 15% Vpe Capital басқаратын Kazakhstan Infrastructure Fund қорына тиесілі», – деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметінен.

TAV компаниясы Алматы әуежайын уақытша келісім концессиясы негізінде емес, меншік иесі құқығында басқарады.

TAV Airports президенті және бас атқарушы директоры Сани Шенердің айтуынша, Алматы әуежайының айтарлықтай даму әлеуеті бар.

«Біз Алматы әуежайының айтарлықтай өсу әлеуеті бар деп санаймыз және біздің көпжылдық тәжірибемізге сүйене отырып, осы әлеуетті толық көлемде іске асыру үшін жұмыс істейтін боламыз. Бүкіл әлем бойынша әуежайларды басқаратын ірі топтың бір бөлігі ретінде біз Алматыны өңірдің іскерлік астанасы ретінде және Қазақстанды мәдени мұрасы бай және туристік әлеуеті жоғары ел ретінде ілгерілететін боламыз. Біздің бағыттарды жасаудағы тәжірибеміз Алматының әлеммен көлік байланысын кеңейтуге көмектеседі. Мысал ретінде, Грузиядағы әуежайларды басқарған 10 жыл ішінде біз бағыттар санын екі есеге арттырып, жолаушылар ағынын жеті есеге арттырдық», – дейді Сани Шенер.

Оның сөзінше, пандемияға байланысты трафиктің төмендеуін ескере отырып, бұрын келісілген 415 миллион долларлық сатып алу бағасы 365 миллион долларға дейін төмендеді.

Трафиктің пандемиядан бұрын қалпына келуіне байланысты сатып алушылар консорциумы болашақта қосымша 50 миллион доллар төлейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button