Басты

Футзалдан Қазақстан чемпионаты 3 шілдеден бастап қайта жалғасады

Футзалдан Қазақстан чемпионаты 3 шілдеден бастап қайта жалғасады. Бұл жөнінде Алматының «Қайрат» футзал командасы мәлім етті.

Ойындардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі. Еліміздің биылғы доп додасында барлығы сегіз команда бақ сынап жатыр.

Олардың қатарында «Қайраттан» өзге «Ақтөбе», «Атырау», «Аят» (Рудный), «Бәйтерек» (Орал), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау) және «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары бар. Қазір турнир кестесінде «Қайрат» командасы 44 ұпаймен көш бастап келеді.

Одан кейінгі орындардағы «Ақтөбенің» 36, «Аяттың» 35 ұпайы бар. Сондай-ақ, футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button