Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі балаларды оқыту үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасау болып табылады. Бұл туралы Jana-kezen.kz Қостанай облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл бағытта облыста жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде 110 113 оқушы контингентімен 494 мектеп (488 мемлекеттік, 6 – жекеменшік) жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 1,1 млрд.теңге сомасына және Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында 3,1 млрд. теңге сомасына 1200 орынға арналған 2 заманауи мектеп пайдалануға берілген болатын. Қарасу ауданының Қарасу ауылында 1,3 млрд. теңге сомасына 320 орынға арналған мектептің құрылысы басталды. Келесі жылы Қарабалық ауылында 1,2 млрд. теңге сомасына 320 орынға арналған мектептің құрылысы басталады.
Одан басқа, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде ағымдағы жылы Қостанай автомобиль көлігі колледжінің жанынан құны 1,3 млрд.теңге болатын 500 орындық, Қостанай жоғары медициналық колледжінің жанынан құны 700 млн. теңге болатын 250 орындық екі жатақхананың құрылысы басталды. 2021 жылы Қостанай жоғары политехникалық колледжі жанынан құны 1,4 млрд. теңге болатын 500 орынға арналған жатақхананың құрылысы басталады.
Білім беру объектілерінің апаттылығына жол бермеу үшін жыл сайын күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізіледі. Биылғы жылы 133 білім беру объектілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бұрын болмаған 11,2 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде – 7,3 млрд. теңге 36 объектіні жөндеу үшін бөлінді(23 – күрделі жөндеу, 13 – ағымдағы жөндеу).
Бұл жұмыс жалғасуда. 2021 жылы облыстық бюджет қаражатынан 1,8 млрд.теңге сомасына 5 жоба іске асырылатын болады. Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Қостанай ауданының Алтынсарин орта мектебіне 385 млн.теңгеге күрделі жөндеу жоспарланыпи отыр. Ағымдағы жөндеумен 11 өңірде жалпы сомасы 559 млн.теңгеге 13 білім беру ұйымы қамтылатын болады.
Бүгінгі күні мұғалімнің беделін көтеру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Олардың бірі – «Дипломмен ауылға» жобасы, оны іске асыру басталғаннан бері облыс мектептеріне 4 мыңға жуық маман келді, 3,5 мың педагогқа 463,3 млн.теңге сомасында көтерме жәрдемақы төленді және 4 млрд. теңгеге жуық сомаға тұрғын үй сатып алу үшін бір жарым мыңнан астам несие берілді.
Тек 2020 жылдың өзінде осы бағдарлама шеңберінде 280 маманға әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 191 маманға 52,8 млн.теңге сомасына көтерме жәрдемақы, 115 маманға 452,1 млн. теңге сомасына тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді.
Мемлекеттің келесі қадамы-20 мыңнан астам қостанайлық педагогтардың мүдделерін қозғайтын «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау, оны іске асыру үшін облыста 14 млрд .теңгеден астам қаражат бөлінді.
Заңда мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары қарастырылған. Мысалы, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың орташа жалақысы 25% – ға, ал келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 25% – ға өсті. Педагогтерге тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу енгізілді (айына 17 697 теңге, барлығы 247 тәлімгер) және магистр дәрежесі (10 АЕК, айына 27 780 теңге, барлығы 354 магистр). Жергілікті бюджетте бұл мақсаттарға шамамен 2 млрд.теңге (1970 млн. теңге) көзделген.
Сонымен қатар, 5 мыңнан астам мұғалім (5464) педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы алады. Мысалы «шебер» санаты үшін лауазымдық жалақыдан 50%, «зерттеуші» – 40%, «сарапшы»- 35%, «модератор» – 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 2020 жылы бұл мақсаттарға 3 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді.
2021 жылы 4 бағытты қамтитын 5 заманауи STEM зертханасын сатып алу үшін қаражат бөлінді: инженерлік іс, бағдарламалау, 3Д модельдеу, робототехника, жалпы сомасы 61,2 млн.теңге, сондай-ақ НЗМ стандарттары бойынша 21 оқу кабинетін сатып алуға 182,9 млн. теңге. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде соңғы үш жылда облыста жалпы сомасы 400 млн.теңгеге 74 IT-сынып және 34 робототехника кабинеті ашылды, олардың басым бөлігін облыс меценаттары сатып алған болатын.
Облыста шағын жинақты мектептердің 66% (325) ескере отырып, оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселесі ерекше өзекті болып қалуда. Бүгінгі күні 2,5 мыңнан астам бала мектепке тасмалдаумен қамтылған. Автокөлік паркін жаңарту және толықтыру үшін үш жылдық жоспар әзірленді, оның шеңберінде ағымдағы жылы 186 млн.теңге сомасына 13 мектеп автобусы сатып алынды. 2021 жылы 242 млн.теңгеден астам сомаға тағы 12 автобус сатып алу жоспарланып отыр.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп ғимараттарынан қазандықтарды шығару бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда. 4 жыл ішінде 70 қазандық шығарылды (49,6%). Қалған 71 қазандықтың 2021 жылы 20 – сы шығарылады ,оған облыстық бюджеттен 413 млн.теңге, 2022 жылы-51 қазандық, 1 128 млн. теңге көзделген.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын 187 млн.теңге сомасындағы бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету мәселесі 100% – ға шешілді, сонымен қатар 78 млн. теңге сомасындағы жылы санитарлық тораптарды орнату аяқталды.
Оқушылар жиһазын жаңарту және мектептерді спорттық жабдықтармен жарақтандыру бойынша үш жылдық жоспарды іске асыру басталды. Осы мақсаттарға 2021 жылға тиісінше 262 млн. және 302 млн. теңге бөлінді.
Жалпы, 2021 жылы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жөндеуге және нығайтуға 5,6 млрд.теңге бағытталатын болады.
Арнайы білім беру мәселесі де ерекше назарда. Тұңғыш Президент қорының бастамасымен Тәуелсіздік күні қарсаңында Рудный қаласында (8 бала) және Қарасу ауданында (8 бала) 2 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, Арқалық және Рудный қалаларында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің құрылымдық бөлімшелері жұмысын бастады.
Мектепке дейінгі ұйымдармен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуға іс жүзінде қол жеткізілді (облыс – 99,8%, ҚР жоспары – 100%). Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Биылғы жылдың өзінде жоспарланған 1340 орынның 1688-і іске қосылды, бұл жоспарлы көрсеткіштен бірнеше есе артық. 2021-2023 жылдары балабақшаларды салу және қайта құру бойынша 7 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл қосымша 1681 орынды пайдалануға және 350 астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 2020 жылы 236,5 млн.теңге сомасына Қостанай индустриялды-педагогикалық колледжіне күрделі жөндеу және 108,1 млн. теңге сомасына Қостанай автомобиль көлігі колледжіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.
2020 жылы «Жас маман» жобасын іске асыру шеңберінде 3 колледждің оқу-өндірістік базасы жаңартылды. 2021 жылға облыстың 7 колледжін жаңғырту жоспарланып отыр. Осы мақсатта республикалық бюджеттен шамамен 3 млрд. теңге бөлінді, жергілікті бюджеттен 149 млн.теңге бірлесіп қаржыландыру шеңберінде көзделген, қазіргі заманғы, жоғары талаптарға сәйкес келетін жабдықтар, түрлендірілген станоктар, зертханалар сатып алынды.
Болашақ «КамАЗ» зауыттары үшін білікті мамандарды даярлау жүргізілуде. Биылғы оқу жылында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде студенттерді 6 жаңа мамандық бойынша оқыту басталды. Болашақ мамандарды жаңа зертханалар мен шеберханаларда оқыту үшін жабдықтар сатып алуға 2021 жылы жергілікті бюджетте 475 млн.теңге қарастырылған.
Бүгінгі күні колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы 4915 адамды немесе 74% құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (ҚР – 64%).
Жаңа жылда бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілді, соған сәйкес 2021 жылдан бастап білім беру саласындағы функциялар мен құзыреттер аудандар мен қалалар ведомствосынан облыс деңгейіне өтетін болады. Ол үшін қазір әділет органдарында құқық белгілейтін құжаттарды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.