Лондон қор биржасындағы саудада Brent маркалы мұнай құны 7,44%-45 төмендеп, 62 доллар 97 центке түсті. Ал WTI маркалы мұнай бағамы 7,52%-ке арзандап, 59 доллар 74 цент болды. Бұл қара алтын бағамының наурыз айының басынан бергі ең ірі төмендеуі. Сарапшылардың пайымынша, оның арзандауына Еуропада індеттің таралуының қайта күшейгендігі мен AstraZeneca екпесі мәселесінен вакциналау шарасының бәсеңдеуі әсер еткен.
«Сондай-ақ АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі ықпал еткен», дейді. Бірақ мамандар қара алтын бағасы жуық арада қатты құлдырмайды деп отыр.