SocialБасты

Жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 9-ға жетті

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 9 адам қаза тапқан, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 4 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді.

Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен. Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істейді. ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.

Төтенше жағдайды жоюға:

– ТЖМ-153 қызметкер, 46 бірлік техника,

– ПД-400 қызметкер, 54 бірлік техника,

– №28349 ә/б-8 қызметкер, 2 бірлік техника,

– №5513 ә/б-273 әскери қызметші, 12 бірлік техника,

– Ұлттық Ұлан-520 адам және (250 адам резервте) жұмылдырылды.

Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының ТЖМ және ТЖД жедел желі ашылды

ТЖМ телефондары – 33-32-89, 53-32-79, ТЖД– 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.

Басқа жаңалықтар

Back to top button