EducationБасты

Ғалым-математик Ораз Сатыбалдыұлы өмірден озды

Ғалым-математик Ораз Сатыбалдыұлы өмірден озды.

Ораз Сатыбалдыұлы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде математика кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

«ЖОО үздік оқытушысы», Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері. Ол 135-тен астам оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстың, оның ішінде екі монографияның, оннан астам оқулық пен педагогикалық, экономикалық және техникалық мамандық студенттеріне арналған жиырма бестен астам әдістемелік құралдың авторы.

Ол өзінің тәжірибесін, білімін, ғылыми эрудициясын, шығармашылық идеяларын аспиранттар мен студенттерге жеткізді. Кандидаттық және докторлық диссертациялардың кеңесшісі болды.

Оның жетекшілігімен бес кандидаттық және бір докторлық диссертация қорғалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button