AgroБасты

Маңғыстау және Қызылорда облыстарына жем-шөп сатып алуға Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бөлінді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері қаралды.

Мал азығын дайындаудағы қазіргі жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, өңірлерде жем-шөп дайындау барысы туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, егін жинау жұмыстарына дайындық туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев баяндады.

Биылғы жаз ерекше құрғақ болды, соның салдарынан еліміздің батысы мен оңтүстігінде бірқатар өңір зардап шекті.

Құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерді жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі шешімдерді Жергілікті және орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб қабылдап жатыр.

Биылғы 16 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 20,7 млн тонна ірі азық дайындалды, бұл жоспарланған жылдық көлемнің 81,7%-ын құрайды.

Маңғыстау және Қызылорда облыстарына жем-шөп сатып алуға Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бөлінді, жем-шөп дайындауға қосымша 43,1 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Солтүстік өңірлерден жем-шөп жеткізілді. Батыс өңірлерді жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесіне волонтерлер де кірісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button