Economy

Қазақстанда бизнесті субсидиялайтын жаңа микронесиелеу бағыты іске қосылады

Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша Ұлттық банк бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы» шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қызмет түрлері кеңейтілуде.

Оның сөзінше несиелеу рәсімдері жеңілдетіледі. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасында бизнес үшін микрокредиттерді субсидиялауды қарастыратын жаңа «Микронесиелеу» бағыты іске қосылады.

«Осы шаралардың барлығы сыртқы сын-қатерлердің теріс салдарын азайтуға бағытталған. Сондай-ақ, кешенді жоспар экономика салаларындағы жедел мәселелерді шешуге, ішкі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді. Осылайша, экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге ықпал ететін болады. Жалпы, кешенді жоспарды жүзеге асыруға бүгінгі күні 49 заңнамалық актіге түзетулер енгізу жоспарлануда. Бұл – 11 кодекс пен 38 заң», – дейді Руслан Дәленов.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button