ИИДМБ 3.0: мақсаттар, бағыттар, жобалар
2019 жылғы 31 желтоқсанда Үкімет қаулысымен ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыру бағыты еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен 2010 жылы белгіленген. Алғашқы екі бесжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 70 трлн. теңгеге өнім өндірді, ал, адам басына еңбек өнімділігі 35,3 мың АҚШ долларына жетті.
Ішкі және сыртқы нарықта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің әрі қарай өсуі ИИДМБ 3.0 мақсаты болып табылады. Жаңа Бағдарламада өндірушілермен өзара іс-қимыл парадигмасы өзгеріп отырады – басымдық сапалы өсуге және қарсы міндеттемелер қабылдауға дайын кәсіпорындарға беріледі.
Бағдарлама мақсаттарының ішінде:
– ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлар өндірісінің көлемін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту;
– негізгі өндірістерді дамыту және стратегиялық жобаларды іске асыруды ынталандыру арқылы өнеркәсіптік қуаттарды ұлғайту;
– өңдеу өнеркәсібі салаларын технологиялық дамыту және цифрландыруды қамтамасыз ету.
ИИДМБ 3.0 іске асыру кезеңінде экспортқа бағытталған 40 негізгі жобаны іске асыруға баса назар аударылатын болады. Соның ішінде,
күрделі тыңайтқыштар өндірісінің кешені «Еврохим Қаратау», полиэтилен өндірісі бойынша Borealis жобасы, Жамбыл облысында кальций қосылған сода өндірісі «Yildirim Holding».
Металлургияда Қазақстан электролиз зауытының үшінші кезегі Ферросиликомарганец өндіру бойынша кешенді қорытпа шығаратын Қазақстан зауыты іске қосылады деп күтілуде.
Машина жасау саласында Қостанай облысында «КАМАЗ» автомобиль арнайы техникасы мен техника автокомпоненттері өндірісін, Алматы қ. Hyundai жеңіл автомобильдер өндірісін, сондай-ақ, Claas KGaAmbH неміс ауылшаруашылық машина жасау гигантымен бірлесіп, ауыл шаруашылық техникасын іске қосу жоспарлануда.
Тамақ өнеркәсібінде Tyson Foods (АҚШ) ірі халықаралық инвесторды тартумен Нұр-Сұлтан қ. ІМҚ етінің өндірісі, сондай-ақ, Жамбыл облысында Farm Frites (Нидерланды) тартумен фри картофелінің өндірісі іске қосылатын болады.
ИИДМБ 3.0 енгізуден күтілетін нәтижелер:
– өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігін 2018 жылмен салыстырғанда
1,6 есеге нақты өсіру (бір адамға шаққанда 55,9 мың долларға дейін);
– өңдеу өнеркәсібінде экспорт көлемін 2018 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге өсіру ($15,8 –дан $29,5 млрд. дейін);
– өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялардың физикалық көлемі индексін 2018 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,6 есеге өсіру ($3,6-дан 5,9 млрд. дейін);
– қолданыстағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының санын 2018 жылғы деңгеймен салыстырғанда экономикалық белсенді халықтың 1000 адамына шаққанда 1,5 есеге арттыру;
– Экономикалық күрделілік индексінде Қазақстан орнын 55 позицияға дейін арттыру.