ӘлемБасты

2032 жылы ХХХV жазғы Олимпиада ойындары өтетін қала белгілі болды

2032 жылы ХХХV жазғы Олимпиада ойындарын өткізетін қала белгілі болды. Олимпиада Аустралияның Брисбен қаласында өтеді, – деп хабарлайды prosports.kz.

Шешім ХОК-тың 138-сессиясының қорытындысы бойынша қабылданды. Байқаудың ашылу күні 23 шілде болып белгіленді.

2024 жылы Олимпиада Парижде, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтеді.

Айта кетейік, Жапониядағы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 206 елінен барлығы 11 мыңнан астам спортшы қатысады.

Алғашқы ойындар бүгін басталды. Софтболдан жапон әйелдео командасы аустриялиялық қарсыластарын 8:1 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, бүгін Италия – АҚШ және Мексика – Канада матчтары, сондай-ақ әйелдер арасындағы футбол кезеңінің бірінші туры өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button