PoliticsБасты

Әнуар Ахметжанов «Қазақстан темір жолы» Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Ахметжанов тағайындалды.

Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар. «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында және мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды атқарған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметке тағайындалғанға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі және жауапты хатшысы болды.

 Әнуар Ахметжанов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джонс Хопкинс Университетінің (Вашингтон, АҚШ) түлегі. «Энергетикалық ресурстар және технологиялар», сонымен бірге «Халықаралық қаржы» мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.

Басқа жаңалықтар

Back to top button