PoliticsБасты

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде онлайн форматта және жаңартылған құрамда Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізіліп, құрамының үштен бір бөлігі жаңартылған болатын.

Консультативтік-кеңесші органның құрамына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким, «Zertteu Research Institute» қоғамдық қорының директоры Шолпан Айтенова, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ төрағасы Бану Нұрғазиева, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте мен «Ахыска» түрік этномәдени орталығының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Әскер Пириев және т. б. белгілі қайраткерлер мен үкіметтік емес сектордың өкілдері кірді.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Сұлтанов Қоғамдық кеңестің құрамында да, басшылығында да ротация жүргізу қажеттігі туралы атап өтіп, осыған байланысты өзінің Қоғамдық кеңес төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдеді.

Қуаныш Сұлтановтың пікірінше, бұл шешім Қоғамдық кеңестің жұмысына жаңа серпін береді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қуаныш Сұлтановқа жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.

Ашық дауыс беру барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы лауазымына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай сайланды.

Қоғамдық кеңес отырысының барысында 2021 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелері дін саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат, АБҚО қызметі жөніндегі мәселелерді қарау және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын талқылау туралы ұсыныстар енгізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button