EcoБасты

Министр еліміздегі ауасы ең лас 10 қаланы атады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі ауасы ең лас 10 қаланы атады.

Бұлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Шымкент. Атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес, былтырғы қорытынды осыны көрсеткен. Өңірлердің негізгі экологиялық проблемасы – ауаның, жерүсті суының ластануы және қалдықтармен жұмыс істеудің жетілмеген жүйесі. Қатты тұрмыстық қалдықтардың полигоны санитарлық және экологиялық талаптарға сай емес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button