PoliticsБасты

Президент тапсырмасынан кейін екі әкім қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды. Бұл жайлы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда.

Берік Уәлидің айтуынша, аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылды.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button