PoliticsБасты

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның жаңадан сайланған президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухтың Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

– Ciздi Моңғолияның Президенті лауазымына сайлануыңызбен Қазақстан халкының және жеке өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын!

Сайлаудағы айқын жеңісіңіз мемлекетіңіздің дамуына қосқан мол үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің нәтижесі және моңғол халқының өзіңізге артқан үлкен сенімі деп білемін. Осы ретте, еліңіздің болашағын жарқын, мерейін үстем етуге бағытталған бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың әрдайым сәтті жүзеге асатынына кәміл сенемін.

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара құрмет пен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өpici кеңейгенін ерекше атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы әріптестігімізді дамытуда Сізбен бірге  күш-жігер жұмсауға дайын екенімді нақтылаймын, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, отбасына баянды бақыт тілеп, достас моңғол халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік  білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button