Израиль киім өндіру үшін жануарлардың терісін сатуға тыйым салған әлемдегі бірінші ел атанды, деп хабарлайды «Хабар 24» Lenta.ru баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тиісті құжатқа елдің қоршаған ортаны қорғау министрі Гила Гимлиель қол қойды. Jerusalem Post газетінің хабарлауынша, құжат алты айдан кейін күшіне енеді.
«Тері өнеркәсібі әлемде миллиондаған жануардың өліміне себеп, оларды сипаттау мүмкін емес, қатыгездік пен қайғы-қасірет», – деді Гила Гимлиель.
Ол сонымен қатар бұл шешім Израильдің сән нарығын экологиялық тұрғыдан тазалайтынына сенім білдірді.
Жергілікті белсенділер теріні пайдалануға тыйым салатын заң жобасын 2009 жылдан бері бекітуді талап етіп келген. Израиль халқының 86 пайызы оларды қолдайды.