Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы Қазнетте қызу талқыланған әлеуметтік роликке қатысты пікір білдірді. ⠀
Бұл туралы Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Tengrinews
⠀
Ролик авторы Серік Таласовтың айтуынша, бұл роликтің негізгі мақсаты қазақилығымызды жоғалтпау керек екенін еске салу.
⠀
«Роликті түсірген себебіміз қазір қоғамда ашық-шашық жүрген жастар көп. Өзімнің қыздарым бар, солар үшін қорқамын. Мүмкін роликте ойымды дұрыс жеткізбеген шығармын. Біз бұл бұл жерде біреуді жезөкше деп тұрған жоқпыз. Әркім өз түсінігіне қарай қабылдайд. Ешкімді жаман етіп немесе жезөкше етіп түсіргіміз келген жоқ. Намазы оқып, хиджаб ки деп айтып жатқаным жоқ. Бұл роликтің мақсаты – қазақилығымызды жоғалтпау», – дейді Таласов.
⠀
Оның айтуынша, видео бір күнде қызу талқыланып, тез тарап кеткен. Оны тоқтату мүмкін болмады дейді.