Биыл машина жасау саласының өндіпісі 12 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
«Машина жасау өндірісі бойынша 12 пайызға дейін өсім күтілуде. Көлік құралдары өндірісінің көлемін 34 пайызға, аккумуляторларды 11 пайызға, темір жол вагондарын 127 пайызға, ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінің көлемін 58 пайызға ұлғайту жоспарланған. Негізгі өсім автомобиль жасау секторы есебінен қамтамасыз етіледі. Оның үлесі машина жасау саласында 35 пайызды құрайды», – деді министр.