PoliticsSocialБасты

Бағыс пен Хиебон ауылдары Түркістан облысына қосылды

Үкімет қаулысымен шекарадағы Бағыс және Хиебон елді мекендері Түркістан облысына қосылды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ етті:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жерін Түркістан облысының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгертілсін.

2. Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button