«Virgin Galactic» компаниясының «Unity» ракетопланы үш негізгі сынақ ұшырылымының біріншісін жасады. Олардан кейін, егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, Virgin-ді басқаратын британдық кәсіпкер Ричард Брэнсон коммерциялық рейстерді бастауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Unity-ді екі ғарышкері – НАСА-ның бұрынғы астронавты Си Джей Стеркоу және Galactic-тің аға сынақшы-ұшқышы Дейв Маккей ұшырды. Олардың басшылығымен ұшу аппараты 89 км биіктікке көтеріле алды, содан кейін ол Жерге қарай қалықтап қонды. Жер атмосферасының ғарышпен шекарасы 100 км биіктікте.
Қазірдің өзінде ақшасы төленген билеттері бар 600-ге жуық болашақ жолаушы ғарышпен оның шекарасына ұшу кезегін күтуде. Олардың арасында танымал актерлер мен музыканттар бар. Бірақ олар бортқа кірмес бұрын ракетоплан барлық қажетті лицензияларды алуы керек. Бұл осы жылдың соңына дейін болуы тиіс.
Лицензиялау процесін АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасы (FAA) жүзеге асырады, оған сенбіде Нью-Мексико шөлінің үстінен ұшу туралы техникалық мәліметтер жіберіледі.