EconomyБасты

Қазақстан көкөністерінің ЕАЭО елдеріне экспорты 5 жылда 9-дан 35,7 млн АҚШ долларына дейін өсті

Соңғы 5 жылда Қазақстан ЕАЭО елдеріне көкөніс экспортының көлемін 4 есеге, жемісті 2 есеге, сүт өнімдерін 3 есеге жуық ұлғайтты. Бұл тураплы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Манатаев хабарлады.

«Пандемияға байланысты экономикалық өсім қарқынының баяулағанына қарамастан, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 5,6%-ға ұлғайды, ал ЕАЭО елдері бойынша бұл көрсеткіш орташа есеппен 2,3%-ды құрады», – деді Р.Манатаев.

2016 жылмен салыстырғанда былтыр Қазақстан АӨК өнімдерінің экспорты 1,5 еседен жоғары өсіп, $2,7 млрд-қа дейін жетті.

Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін ЕАЭО елдеріне жеткізу көлемі 5 жылда 26%-ға өскенін атап өтті.

«2016 жылдан бері Қазақстан ЕАЭО елдеріне көкөніс экспортының көлемін 4 есеге (9,1 млн доллардан 35,7 млн АҚШ долларына дейін), жеміс-жидекті 2 есеге (8,7-ден 16,2 млн. АҚШ долл.), сүт өнімдерін 2,9 есеге (2020 жылы 17,2-ден 49,5 млн. АҚШ долл.) арттырды. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері сияқты терең өңделген өнім экспортының көлемін де едәуір ұлғайту әлеуетіне ие», – деп мәлімдеді спикер. 

Вице-министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен экспортының өсімі ЕАЭО аясындағы мүмкіндіктерге негізделген.

«Еуразиялық одақ барлық қатысушы мемлекеттердің экономикаларын тұрақты дамытуға жағдай жасау мен ұлттық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған.

ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес АӨК саласында әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ ресурстық әлеуетті тиімді іске асыруға және ортақ аграрлық нарыққа қол жеткізуге тең жағдай жасау үшін келісілген агроөнеркәсіптік саясат іске асырылуда», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары.

Ол үшін ЕАЭО-да АӨК-де Орта мерзімді перспективаға арналған болжам жасаудың біртұтас жүйесі қалыптасты, тұқым мен асыл тұқымды өнім өндіруге және айналымына қойылатын талаптарды біріздендіруге бағытталған екі салалық келісім қабылданды, экспортты дамыту саласында келісілген іс-қимылдарды қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде, 6 техрегламент қабылданды. Олар: «Астық қауіпсіздігі туралы», «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы», «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және «Жемістер мен көкөністерден жасалатын шырын өнімдеріне техникалық регламент».

Басқа жаңалықтар

Back to top button