AgroБасты

Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

5 маусым Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін мерекенің мақсаты – қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады.

Аталған күн аясында адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруі қамтамасыз етілуі тиіс. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді. Біріккен Ұлттар Ұйымы өз жүйесіндегі барлық мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын осы күні олардың қоршаған ортаны қорғауға және оны жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсететін түрлі іс-шараларды өткізуге шақырады.

Сондай-ақ Бас Ассамблеяның 27-ші сессиясында БҰҰ жүйесі аумағында жаңа ұйым құрылған болатын. Ұйымның атауы – БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП). Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні жыл сайын ЮНЕП-тің тікелей мұрындық болуымен атап өтіледі.
Дереккөз: Massaget.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button