ӘлемБасты

Тәжірибе үшін 40 күн аш жүрген блогер қайтыс болды

Абхазияда 40 жастағы блогер Виталий Выграновский қайтыс болды. Ол 40 күн тамақ, су ішпей тәжірибе жүргізген болатын, – деп хабарлайды НТВ.

Ер адам YouTube-арнасында блог жүргізетін. Аштықты наурызда Мәскеуде бастаған.

Оныншы күні блогердің жағдайы нашарлап, оған қаладағы атмосфера ұнамай, Абхазияға кетуді шешкен. Жиырмасыншы күні блогер толығымен тазарғанын айтқан. 35-ші күні ер адам жағдайы нашарласа да аштықты тоқтатпаған.

“Қалай өтті? Бұл жай ғана ойын болды. Өте қызық. Паразиттер кетіп, тамақты аңсап тұрмаймын. Денем толығымен жаңарды”, – деген еді Виталий Выграновский.

Блогердің таныстары әлеуметтік желіде ол “құрғақ аштықтан шығу кезінде” қайтыс болғанын жазған. Блогердің нақты неден қайтыс болғаны сараптамадан кейін анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button