PoliticsБасты

Жас кандидат тұрғын үй мәселесін жүйелі түрде шешу қажет екенін айтты

Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген көп балалы әке, кәсіпкер Полат Буранов жастар саясаты, тұрғын үйдің қолжетімділігі және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мәселелерін бірінші орынға қояды. Өйткені Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат қоғам өмірінде маңызды орын жастарға тиесілі деп санайды.

«Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жастар саясатында жүйелі өзгерістер орын алғаны рас. Бұл ретте қазақстандық жастарға қатысты мәселелердің өткірлігі, маңыздылығы мен ауқымдылығы арта түскенін айта кеткен орынды. Осы орайда қазіргі жастар әлеуметтік және экономикалық өзгерістер кезеңінде туып-өскен өскелең ұрпақ екенін ұмытпағанымыз жөн. Өз кезегінде қоғамның қарыштап дамуыжастардың қоғам өміріндегі рөлінің артуына әкелді», деді Полат Буранов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Отанға деген сүйіспеншілік адал және қоғам үшін пайдалы еңбектен бастау алады. Еліміздің әрбір азаматы еңбекқор болуы керек. Өскелең ұрпақ – біздің үмітіміз, елдің болашағы. Біз билік басында мәңгі болмайтынымыз анық. Менің ең үлкен мақсатым жастарға жол беру» деп ерекше атап өткен болатын. Себебі бүгінде мемлекет жас буынға үлкен сенім артып отыр. Бүгінде жастар арасында да жарқын болашаққа деген зор ұмтылыс байқалады.

Дамыған елдердің тарихына үңілетін болсақ, алдымен жастарға көбірек көңіл бөліп, олардың саналы тәрбие мен сапалы білім беруді қолға алғанын байқаймыз. Әрине, жастар үшін қолжетімді баспана салу мемлекет алдында тұрған негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев нарықта орын алған жоғары бағаларға байланысты құрылыс компанияларына арзан тұрғын үй салу тиімсіз екенін және оларды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үй саласында жұмыс істеуге ынталандыру қажет екенін айтқан еді. П.Бурановтың айтуынша, жастар санатындағы азаматтардың да сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз етілуі өте маңызды.

«Барлық азамат үшін тұрғын үйге деген қолжетімділік денсаулық сақтау, білім беру және қауіпсіздік құқығы сияқты адамның әлеуметтік және экономикалық құқықтарының бірі болып саналады. Мәселен, жастарды тұрғын үймен қамту мәселесі де жүйелі түрде шешілуі тиіс маңызды мәселе болып табылады. Егер бұрын-соңды аталған сұрақ негізінен несие рәсімдеу арқылы шешілсе, ендігі кезекте басқа да балама шешімдерді әзірлеу қажет», деп түйіндеді депутаттыққа кандидат Полат Талхатұлы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Буранов Полат Талхатұлының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button