Ташкентте белгісіз біреулер қайырымдылық қорабына 50 мың доллар салып кеткен. Енді бұл қаржы науқас балаларды емдеуге жұмсалады, – деп хабарлайды CentralAsia.media.
Қорап Korzinka супермаркеттер желісінің біріне салынған. белгісіз біреулер ол жерге 50 мың доллар қалдырып кеткен. Бұл туралы супермаркеттер желісінің басшысы Зафар Хошимов айтты.
«Бүгін қайырымдылыққа арналған кезекті қораптың бірін ашқан кезде ішінен бума-бума ақ қағаз шықты. Оның ашқан кезде конверттерде 50 000 доллар жатқанын анықтадық. Қасиетте Рамазан айында осындай қайырымдылық жасаған отандасымыз осы айдың керемет қасиеттіне деген сенімімізді нығайтты», – делінген хабарламада.