PoliticsБасты

Қазақстанның Украинадағы жаңа Құрметті консулы тағайындалды

Қазақстанның Украинадағы жаңа Құрметті консулы тағайындалды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Украинаның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Днепр қаласындағы жаңа Құрметті консулы Инна Медяникке консулдық экзекватураны ресми тапсыру шарасы өтті.

Экзекватураны Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтың қатысуымен тапсырды», – деді министрліктен.

Тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың барлық салаларында ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.

Айта кетейік, Құрметті консулдық – Құрметті консул (штаттан тыс) басшылық ететін мекеме. Құрметті консул өзі өкілдік ететін елде мемлекеттік лауазым атқармайтын, өз қызметін тегін негізде орындайтын азамат. Оның міндетіне өзі өкілдік ететін мемлекет пен оның азаматтарының құқығын қорғау кіреді. Алайда ол виза және өзге де ресми құжаттарды беру мәселесіне жауап бермейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button