Қазақстанға бір күнде 3,7 мың авиажолаушы келді
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен 3 716 авиажолаушы келді. Бұл туралы Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
22 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағына Грекия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 3 716 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 820 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 240 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 379 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 124 жолаушы келген;
Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР-тестілеу туралы анықтамамен келген.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12 сәуірдегі №13 қаулысына сәйкес, авиакомпаниялар Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте берілгеніне 3 тәулік өтпеген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені туралы анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызбауы тиіс.