Егер Ақтау-Қаламқас тас жолының 106-шақырымында басқа жаққа бұрылып кетсең, иен далада порт қалашығын табасың. Жапандағы бұл қалашық бұрын ешқашан болмағандай деп жазады Facebook қолданушысы Maksat Akmuratov.
Есесіне, мұнда аэропорт, теңіз порты, шіркеу, мұнара, пошта, тіпті кафе «бар». Мекеннің атауы – Абасты, кезінде кино түсіру үшін әдейі салынған. Бұл жерде екі фильм түсірілген екен. Біреуі – экранға 2013 жылы шыққан «Теңізді аңсау» («В ожидании моря») фильмі. Бұл драма Арал теңізінің тартылуы мен оны жағалай қонған елдің трагедиясы туралы болыпты.
«Қалашықты аралап жүргенде өткенге оралғандай боласың. Әттеген-айы, уақыт өте декорациялар қирап бітеді, сол кезде бұл ғайып мекен Маңғыстау даласынан шынымен жоғалады»,
– дейді Maksat Akmuratov.
Жиһанкездік сайттардың бірінде Абастының мына координатасы берілген екен: N 44º24,072´; E51º 34,207′