PoliticsБасты

Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісіне тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонмен арадағы кең ауқымды стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екеніне назар аударды.

Президент Америка Құрама Штаттары Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы екенін, энергетика, ауыл шаруашылығы және жаңа технология салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Екі ел арасында айтарлықтай құқықтық-шарттық база қалыптасқан. Мәдени-гуманитарлық және білім салалары бойынша табысты ықпалдастық орнаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Ашықбаевқа Президент Джозеф Байден әкімшілігімен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға  бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button