Статистика деректері бойынша Қазақстанда шамамен 43,6 млн бас құс бар. Олардың 11,8 млн-ға жуығы жеке азаматтардың қолында болса, қалғаны сыртқы ортамен байланысы жоқ құс фабрикаларында бағылып жатыр.
Министрліктің мәліметіне сәйкес, 11,8 млн құсқа жыл сайын тиісті қаржы бөлініп, вакцина салынады. Яғни, аурудың алдын алу іс-шаралары уақытында жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жоғары патогенді құс тұмауы тарап кетпеуі үшін мониторингтік бақылау жүргізіп отырады.
Сондай-ақ, ветеринарлық қызмет көрші мемлекеттердегі эпизоотиялық жағдайды мұқият қадағалайды және ол жақта жануарлар ауруының ошақтары пайда болған жағдайда жедел шаралар қабылдайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жануарлар ауруларының 45 түрі бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Ал 23 түрі бойынша диагностика және вакцина салу арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Атап айтқанда, жануарлар мен құстарды вакциналау бойынша 151 миллионнан астам манипуляция, сондай-ақ 68 миллионнан астам диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарлануда.